РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
0

Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру талабы

Біздің оқу орнымыз латын әліпбиіне көшуді қолдайды.Себебі колледж студенттері,оқытушылары болып латын әліпбиін қолдаймыз деген мақсатта жұмыстар орындаған болатынбыз.Сонымен қатар көптеген жерлерде латын әліпбиі туралы ақпараттар таратылып, түсіндіріліп жатыр. 9Г-722 тобымен өлкетану мұражайына барып, латын тіліндегі ескі  әдеби кітаптармен таныстық.

 

ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевың 2017 жылғы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» мақаласында қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек.Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттілігін терең түсініп,байыппен қарап келеміз және оған Тәуелсіздік алғаннан бері  дайындалып келеміз деп айтқан еді.Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазуды 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін киррилицаға ауыстырылды. 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл-ұлт болып шешуге тиіс мәселе.

 

Латын әліпбиіне көшу- қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосатыны сөзсіз. Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз. Сондықтан латын әліпбиіне көшу біз үшін, болашақ үшін әлдеқайда маңызыдырақ.

 

Латын әліпбиіне көшуге айтарлықтай үлкен кедергілер жоқ. Негізінен, осы мәселеге байланысты халықтың көзқарасы, ниеті бір болса, қиындықтарды жеңіл шешуге болады. Жастар жағы, орта буын өкілдері компьютерді толық меңгергендіктен латынды дереу үйреніп алады деп санаймыз. Әрине бірден латын әліпбиіне көшіп кету оңай емес.Ол үшін біраз жұмыстар атқарылып қана қоймай, адамдарды да соған дайындай беру қажет.Осы мақсатта біздің қаламызда көше, дүкен атаулары, жарнамалар, жаңалықтар латын әліпбиінде жазылған. Латын әліпбиіне көшу көптеген жаңалықтар,қайта жаңғырулар алып келеді деген үміттеміз.