РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
0

«Үздік оқырман» байқауы

16.11.2018ж Республикалық жоғары техникалық колледжі қабырғасында білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуды насихаттау мақсатында «Үздік оқырман» байқауы оздырылды.Байқау READx форматында өтті. Байқауға колледжіміздің әр түрлі мамандықтағы 8 оқушысы қатысып, өздерінің оқыған қазақ, орыс және әлем жазушыларының шығармаларымен бөлісті. Түрлі сұрақтар қойылып, ой –пікірлер талқыланды. Байқаудың қорытындысы бойынша 1,2,3 орын жеңімпаздары анықталып, мақтау қағаздарымен марапатталып, қазақ жазушыларының кітаптары сыйланды.