РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
0

Директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары

 

 

Директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары

Аймаганбетова Анара Муханбеткалиевна

 

 

Білімі жоғары. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан  мемлекеттік университетін аяқтаған. Білім беру саласында жалпы тәжірибесі – 20 жыл, оның ішінде техникалық және кәсіптік білім беру бойынша 13 жылға жуық уақыт қызмет атқарған. Соңғы 5 жыл аралығында Республикалық жоғары техникалық колледжінде директордың  оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс жасап келеді. 

 

Анара Муханбеткалиевна оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін  меңгерген, терең теориялық негізі бар орыс тілі мен әдебиеті пәнінің тәжірибелі, жоғары санатты оқытушысы. 

 

Өз еңбек жолын бастағалы қазіргі заманның сұранысына лайықты, құзыретті мамандар дайындауды мақсат етіп  «Портфолио әдісін кәсіптік орыс тілі сабағында қолдануы» әдістемелік тақырыбымен жұмыстануда.  

 

Көптеген Республикалық және облыстық педагогикалық оқуларының жүлдегері. «ТжКББ жүйесінің инновациялары – Жоғары техникалық мектебінің инновациялары», «Жоғары білімді оқытушылар – бәсекеге қабілетті маман дайындау негізі», «Білімді педагог – білікті ұрпақ» секілді көптеген мақалалардың авторы. «Оптикалық және электрондық жабдықтар»  мамандығы бойынша эксперименттік модульдік оқу бағдарламасы мен дуалды оқыту негізінде біріктірілген бағдарламасының авторының бірі.  

 

2013 жылы «Батыс Қазақстан облысы ТжКББ ұйымдарының ең үздік әдістемелік қызметі» атты облыстық байқауына қатысып 3 орын алды,2014 жылы облыстық «Үздік жыл әдіскері» байқауының I дәрежелі дипломымен марапатталып, «Үздік жыл әдіскері» Республикалық байқауында «Ең жас әдіскер» номинациясы бойынша Құрмет грамотасына ие болды. 2015 жылы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасындағы облыстық «Үздік педагог» байқауының жеңімпазы, II дәрежелі диплом. 2016 жылдыңмамыры айында «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ біліктілік арттыру курсынан өтіп, кейін кезекті Холдинг отырысында курс нәтижелері түйіндемесі және портфолиумі құрылымы барлық талаптарға сәйкес келуі байланысты «Кәсіпқор»холдингі» КЕАҚ-ның штаттан тыс тренері»  статусына ие болды. Біліктілік арттыру курсын жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін «Кәсіби академия «Туран-Профи» ректорының алғыс хатымен, 2016 жылы облыстық білім жүйесіндегі педагогикалық шеберлігі, шығармашлық ізденісі және өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін  Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының Құрмет грамотасымен, 2017 жылы ҚР Білім және ғылымминистірлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.