РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
0

«Студенттер қатарына қабылдау»

2018 жылдың 9-қарашасы күні Ржтк жыл сайынғы «Студенттер қатарына қосылу» мерекелік концерті өтті. Студенттер қатарына қабылдау- студенттік шақтың ең ұмытылмас күндерінің бірі. Кезіндегі мектеп оқушылары Ржтк толық қанды студенттері атанғалы отыр.

Бірінші курс студенттер қатарына қабылдау кешінде студенттік  үлкен өмірге аяқ басқалы отырған жастарды директордың орынбасары Кдыргужина А.Н мен колледж құрылтайшысы Айтимов А.С құттықтады. Өз кезегінде олар «жаңа қабылданушыларға» оқуда алда болып, ғылыми және қоғамдық қызметте табыстар тіледі.

 

Мерекелік концертті жоғары курс студенттері үш тілде дайындады. Бағдарлама ең үздік деген номерлерден тұрды. Белсенді студенттер парады ең  әдемі және есте қаларлық номердің бірі болғаны сөзсіз. Сахнада көңілді ән шырқалып, өлең оқылып, би биленіп  және құттықтаулармен толықты. Жоғары курс студенттері Ржтк  оқу тек дәрістер мен сессия ғана емес, сонымен қатар шығармашылық дамуға мүмкіндік беретінін дәлелдеуге тырысты.